28.01.2023, 22:30

«Керемет нәтиже». Соболенко Рыбакинаның командасына алғыс айтты

Фото: twitter.com/AustralianOpen
Біз әлі де осы сияқты көп матчта кездесеміз деп үміттенемін.

Australian Open - 2023 чемпионы Арина Соболенко Елена Рыбакинаның командасына алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Еленаға осы адам сенгісіз екі апта үшін рақмет айтқым келеді. Сен керемет ойыншысың. Біз әлі де осы сияқты көп матчта кездесеміз деп үміттенемін. Сенің командаңа алғыс айтқым келеді. Сіздер Еленаны керемет етіп шығара алдыңыздар. Бұл - керемет нәтиже. Құтты болсын!",  - деді Australian Open - 2023 чемпионы.