Вадим Хамаевтың айтуынша, кейінгі он жылда ол Қазақстанда тұрып жатыр. Алайда "құжаттарын жоғалтып алғанына" біраз жыл болған. Қазір шетел азаматы Үштөбеде тұрады.
Өзбекстан азаматы Алмас Миенбаев атты учаске полицей мен онымен қызметтес тағы бір Алмас деген жігіт 100 мың теңге талап етіп сабап тастағанын айтады. Тіпті ол денесіндегі соққы іздерін көрсетті.
Өзбекстан азаматы полицейлер өзін 6 қойға сатып жібергенін айтады. Хамраевтың өзі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Ал Жетісу облысында осы оқиға бойынша іс қозғалып жатыр.
Дереккөз: t.me/ulysmedia