Ақтөбеде демалыс базасында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 28 қаңтар күні саған 15:30-да тіркелген. Көлікті 15 жастағы бала айдаған.
Оқиға орнында 40 жастағы әйел қайтыс болды.
49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Арасында бір жасар бала бар.