Жаңалықтар 29.01.2023 сағат 20:30

Экскурсия кезінде 10 оқушы суға батып кетті

Марқұмдардың жасы 7-14 жас аралығында болған.
Экскурсия кезінде 10 оқушы суға батып кетті
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында оқушыларды Танда көлі арқылы тасымалдап бара жатқан кеме аударылды. Полиция мәліметінше, 11 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында оқушыларды Танда көлі арқылы тасымалдап бара жатқан шағын кеме аударылып, 10 оқушы мерт болды. The Times of India басылымының 29 қаңтар, жексенбі күні жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, марқұмдардың жасы 7-14 жас аралығында болған.

Билік 11 бала құтқарылғанын, оның алтауының жағдайы ауыр екенін мәлім етті. Полиция өкілдерінің түсіндіруі бойынша, діни мектептің 25-30 оқушысы кемемен экскурсияға шыққан.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар