Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер белсенділік көрсетті. Есепті алғашқы болып София Роаковская 4-минутта ашқан еді. Одан кейін ел құрамасынан София Зубкова 9-минутта есепті үстемелей түсті.
Қарсылас құрама аталған екі голдан кейін қатарынан үш шайба соғып, басымдықты арттыра түсті.
Үшінші кезеңде қазақстандық Кира Куховская 44, София Зубкова 47, 57-минуттарда мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, ел құрамасы екінші дивизионында В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония, Исландия.