$ 482.86  533.17  5.08

WTA Елена Рыбакинаны ресми түрде әлемнің 10-ракеткасы деп жариялады

Бұл жетістікке Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатының финалына шыққаннан кейін қол жеткізді.

30 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) өзінің жаңа рейтингін жариялады, ол тізімде үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 25-орыннан көтеріліп, 10-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жетістікке Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатының финалына шыққаннан кейін қол жеткізді. Өкінішке қарай, чемпион атағы үшін шешуші кездесуде біздің спортшымыз әлемнің бесінші ракеткасы, қазір әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте екінші нөмірге көтерілген белорус Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.

"Қаңтар жақсы ай болды, мен үздік ойыншылармен ойнадым, оларды жеңдім, физикалық тұрғыдан жақсы өзімді ширақ сезіндім, ойынның жақсарғанын байқадым. Жалпы Аустралияға сапар сәтті болды. Барлығы осылай болады деп үміттенемін. Үздік ондыққа кіруді мен көп күттім, әрдайым жақын қалғанмен, сәті түспей жүрді, мысалы, "Уимблдон" Қазір мен алғашқы 10-дықтың қатарындамын және мақсатым осында қалу. Мен зор қуаныш сезініп тұрған жоқпын, өйткені мақсатым әлі көп, соларға қол жеткізгім келеді".
Елена Рыбакина

30 қаңтар күні таңертең Рыбакина жаңартылған әйелдер рейтингінде 10-орынды иеленді, оның активінде 2815 ұпай бар. Жақын болашақта ол әлі де бірнеше сатыға көтерілуі мүмкін. Мысалы, Олимпиада чемпионы швейцариялық Белинда Бенчич тұрақтаған тоғызыншы орыннан Еленаны небәрі 90 ұпай ұстап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары