Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында эйс жасаудан рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Australian Open ұйымдастырушылары мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина жеті ойында 54 эйске қол жеткізді.
Қазақстандық теннисшінің финалдағы қарсыласы, осы жарыстың жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенко 46 эйспен көзге түсті. Әсіресе, ол соңғы бәсекеде 17 эйс жасай білді.
Чехиялық Каролина Плишкова (31 эйс) үздік үштікті түйіндеді. Франциялық Каролин Гарсия (25), хорватиялық Донна Векич (24) бесінші орында.