31.01.2023, 15:20

Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр

Фото: azattyg. ruhy
Бастауыш мектепте асхана мен спорт алаңы жоқ.

Қызылорда облысының Арал ауданында бастауыш сынып оқушылары 40 жыл бұрын салынған балықшылар жатақханасында білім алып жатыр. Ал жоғары сынып оқушылары, тіпті, білім ордасына өзен арқылы қайықпен қатынауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі 31-арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Пантонный» көпірінен өтіп бара жатқанда мұз жарылып кете ме деп қорқамыз. Қайықпен өткен күндеріміз де болды. Мектепке жеткенше шаршап қаламыз», – дейді 5-сынып оқушысы Қаһарман Айжарықұлы. 

Қазір 20 оқушы мектепке алты орындық көлікпен қатынап жүр.

Тегтер: Қызылорда