Жаңалықтар 31.01.2023 сағат 16:40

Алматыда сауда орталығының автотұрағынан көлік ұрланды

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматыда сауда орталығының автотұрағынан көлік ұрланды
Фото: polisia.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда сауда орталықтарының біріндегі автотұрақтан көлік ұрланды, деп хабарлайды Zakon.kz. Қалалық жол полициясының мәліметінше, сауда үйлерінің бірінің тұрағынан «ВАЗ-2114» көлігі ұрланған.

Қылмысты жасады деген күдікпен ер адам қамауға алынды.

"Айғақты зат ретінде көлік тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті өз ісін толық мойындады. Қазір оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз", деді Жәнібек Шынасылов, Жетісу облысы ІІД бастығы.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. 28 қаңтарда Алматыда ұрланған Hyundai көлігі Шымкентте табылды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар