31.01.2023, 17:00

Тоқаев Астанадағы су мәселесі туралы: «Үлкен қауіп туындауы мүмкін»

Фото: Sputnik / Алексей Мальгавко
Қала сусыз қалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы сумен қамту мәселесінің маңыздылығына тоқталды.

"Сумен қамтудың резервтік көздеріне қатысты мәселе өзекті болып тұр. Су аз болатын кезде үлкен қауіп туындауы мүмкін. Қала сусыз қалады", - деді Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңесте.

Осы орайда мемлекет басшысы экология министрлігіне әкімдіктің барлық ұсынысын пысықтауды тапсырды. Соның ішінде Астана су қоймасын толтыру мәселесі де бар.

Дереккөз:  Sputnik Қазақстан