$ 446.49  475.38  4.79

Мәскеуде өткен турнирде Бибісара Асаубаева атақты гроссмейстерлерді жеңді

Айта кетейік, 18 жастағы Асаубаева Мәскеуде барлық қатысушылардың ішіндегі ең жасы болды.
Фото: Instagram/committee_sport
Фото: Instagram/committee_sport

Ресей астанасында ғаламның атақты гроссмейстерлері, сондай-ақ блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қатысқан "Шахмат жұлдыздары" халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл додаға Бибісара Асаубаевадан бөлек, әлемге әйгілі тағы 9 шахматшы қатысты. Екі жарыстың қорытындысы бойынша рапид және блиц бойынша ресейлік гроссмейстер Сергей Карякин үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Александр Грищук екінші, Владислав Артемьев үшінші орынға табан тіреді.

Рапид және блиц ойындарының қорытындысы бойынша, Бибісара Асаубаева белгілі гроссмейстерлер Александра Горячкина (Ресей) мен Франциско Вальехо Понсты (Испания) жеңіп, соңғы 8-орынға ие болды.

Айта кетейік, 18 жастағы Асаубаева Мәскеуде барлық қатысушылардың ішіндегі ең жасы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары