01.02.2023, 01:02

Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары екі елде 30 күн бойы тіркеусіз жүре алады

© Sputnik / Евгений Епанчинцев
Бұған дейін бұл мерзім бес күннен аспайтын.

Өзбекстан мен Қазақстан өз азаматтарының екі ел аумағында өзара болу мерзімін бес күннен 30 күнге дейін ұзартты, деп хабарлады Sputnik.kz Өзбекстанның сыртқы миграция агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2000 жылғы 7 шілдедегі "Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы" өзбек-қазақ үкіметаралық келісіміне екі ел азаматтарының ел аумағына келу, болу және кету тәртібіне өзгерістер енгізілген.

"Енді Өзбекстан азаматтары шекарадан өткен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Қазақстанда тіркеусіз бола алады", - деп жазылған агенттіктің Telegram-арнасында.

Бұған дейін бұл мерзім бес күннен аспайтын. Енді қазақстандықтардың Өзбекстанда болу мерзімі де ұзартылды.

Бұл ретте екі елдің азаматтары 30 күннен аспайтын мерзімге, барлығы 180 күнтізбелік күннің әрбір кезеңінде 90 күнге визасыз өзара сапар жасай алады, деп ақпарат таратты баспасөз қызметі.