02.02.2023, 09:40

«Елімізде интеллектуалды қоғамды дамыту жағдайлары қуантады» - Бибісара Асаубаева

Фото: akorda.kz
Жас чемпион Президентке құрмет пен сенімі үшін алғысын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шахматшы, блицтен әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны жеке қабылдап, жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болдық. Қасым-Жомарт Тоқаев жеңісіммен жеке құттықтап, алдағы спорттық жарыстарда табыс тіледі. Елімізде барлық салада интеллектуалды қоғамды дамытуға баса назар аудару жағдайлары қуантады. Шахматтан әлемдегі ең жас чемпион ретінде интеллектуалды спортты дамытуға өз үлесімді қосамын», - деп жазды Бибісара Асаубаева Instagtam парақшасында.

Сондай-ақ шахматтан жас чемпион Президентке құрмет пен сенімі үшін алғысын айтты.

Тегтер: Шахмат