Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы (U-18) Исландияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кездесу 7:0 есебімен аяқталды. София Зубкова (15:30, 18:36, 36:58), Мадина Нүсіпова (21:09), Анастасия Филимонова (27:56) және София Раковская (33:38, 57:32) үздік шықты.
olimpbet.kz
РЕКЛАМА
Вступай в клуб победителей
Осылайша қазақстандық хоккейшілер бес кездесуде бес мәрте жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша екінші дивизионның "А" тобына енді.
Олар осыған дейін Болгарияны (8:1), Жаңа Зеландияны (7:1), Бельгияны (5:3) және Эстонияны (8:0) ұтқан болатын. Қазақстан 15 ұпаймен В тобында бірінші орын алды.