Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Чехияда өткен World Athletics Indoor Tour — Silver турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол биікке секіруден алтын медаль жеңіп алды.
Спортшы 190 сантиметр биіктікті бағындырды.
Екінші орын украиналық Юлия Чумаченкоға (187 см) бұйырды.
Үшінші орынды чех Микаэла Хруба (187 см) иеленді.