Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласында пәтерде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 1 ақпанда болған.
«Сағат 21:22-де Молодежная көшесінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 10 шаршы метрде терезе блоктары, жиһаздар мен заттар жанды.
Өрт сөндіру кезінде пәтерден көміртегі тотығынан улану белгілері бар 1966 жылы туған ер адам мен әйел адамның мәйіттері табылды», - делінген хабарламада.
ТЖД қызметкерлері кіреберістегі баспалдақтардың бойындағы пәтерлерден 10 адамды эвакуациялады. Өрт сағат 22:10-да сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - электр тоғының қысқа тұйықталуы.
Шахтинск қаласында К.Маркс көшесінің бойында ТЖД қызметкерлері баспалдақпен балкон арқылы пәтерге кіріп, сыртқы есікті ашқан соң 1953 жылы туған ер адамды құтқарды. Ол медициналық көмекті қажет етпеді.
Айта кетерлігі, өткен тәулікте облыстық ТЖЛ бөлімшелері 11 рет құтқару жұмыстарына шықты, оның ішінде өртке және жану жағдайларына – 6 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 5 рет, онда 4 адам құтқарылды, оның 2-і бала және 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді.