$ 449.58  486.94  4.86

Арқалықта бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған полицейге пәтер кілті табысталды

"Енді отбасын құру туралы ойлануға болады", – деді полицей.
Фото: Stan.kz ақпарат агенттігі
Фото: Stan.kz ақпарат агенттігі

Арқалықта бесінші қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарған патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірханға Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов  қызметтік тұрғын үй кілтін табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін полиция қызметкері пәтерде туыстарымен бірге тұрып келді. Әзірге аға лейтенант ем қабылдауда. Құтқару кезінде ол аяғынан жарақат алған болатын.

“Полиция қызметкерлері өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және күнделікті жұмыста қиын жағдайларға тап болады. Кейде адам өмірі тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеттеріне байланысты болады. Осындай ерлік әрекеті үшін Алматы Әмірханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды”, – деп атап өтті Арқалық қаласының әкімі.

Патрульдік полиция қызметкері бұл ол үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

"Енді отбасын құру туралы ойлануға болады", – деді полицей. 

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 7 қаңтарда орын болған. Қоршауға ілініп үлгерген қыз балконнан құлап түскен болатын. Оқиға орнына келген полицей биіктен құлаған қызды құтқарып қалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары