03.02.2023, 09:20

Президент азаматтарды мерзімді әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және кезекті әскер қатарына шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» жарлыққа қол қойды.