Түркістан облысындағы су тасқыны көліктерді ағызып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Арыс ауданындағы Шағанақсай учаскесінде "Нива" көлігін ағыс алып кеткен.
"Бес жолаушы өз беттерімен шопанның үйіне жеткен. Арыс аудандық ТЖД қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялауға шықты, екі жеңіл көлік (қызметтік және азаматтық) жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 2 ақпанда сағат 15:40-та Созақ ауданында тағы бір көлікті су алып кеткен.
"Шолаққорған-Шаян тасжолының 7-ші шақырымында "Тойота Камри" көлігін тасқын су жол жиегіне ағызып кетті. Көлікте екі адам болғаны анықталды. Оларды ТЖД қызметкерлері құтқарды", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.