03.02.2023, 16:00

Алматы-Қорғас тасжолында көлік апатынан бір адам мерт болды

фото: polisia.kz
Жол апатының себебі анықталуда.

Жетісу облысының Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жөл-көлік оқиғасы Панфилов ауданында Алматы-Қорғас тасжолының 337-шақырымында болды. 29 жастағы жүргізуші Lada автокөлігін басқара алмай, аударылған. Оқиға салдарынан 26 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды», - деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Зардап шеккен жүргізуші әйел мен екі жасар бала аудандық ауруханаға жеткізілді.Жол апатының себебі анықталуда. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.