$ 481.84  531.33  5.07

Тараз әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде - Антикор

Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 159 млн теңге көлемінде залал келтірілді.
© Sputnik / Абзал Калиев
© Sputnik / Абзал Калиев

Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды.

Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 159 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#антикор