Баянауылда туристер істен шыққан аспалы жолда тұрып қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Оқиға 29 қаңтарда Баянауыл тау-шаңғылы курортында болған.
"Арқан жолдың ролигі құртылып аспалы жол тұрып қалды, соның салдарынан әуедегі тізбекте алты адам қалып қойған", - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
"Гамма" ЖШС мамандары Павлодар облысы ТЖД құтқарушыларымен бірлесіп шамамен бес метр биіктіктен төрт адамды түсірді. Кейін екі адам 20 метр биіктіктен түсірілді.