$ 489.06  536.21  5.05

Жүрек кенеттен шаншыса не істеу керек?

Жүрек аймағындағы шаншу көбінесе психо-эмоционалды шамадан тыс жүктеу кезеңінде пайда болады.
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Кардиолог жүректің шаншуы жүрек ауруына байланысты болмауы мүмкін екенін айтады.

Жүректің шаншу себептері

"Жүректің шаншуы – бұл өте жиі кездесетін симптом, бірақ жүрек-қан тамырлары патологиясына ғана тән емес. Көбінесе бұл жағдай жүйке жүйесінің бұзылуымен, тірек-қимылдың зақымдануымен, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің ауруларында кездеседі", - дейді кардиолог Екатерина Миронова.

Сондай-ақ, жүрек аймағындағы шаншу көбінесе психо-эмоционалды шамадан тыс жүктеу кезеңінде пайда болады.

Жүрек шаншыса не істеу керек?

"Жүрек кенет шаншыса  абдырамай жай ғана отырып немесе жатып демалу керек.  Оттегінің мол болуы маңызды. Ол үшін терезені ашып, белдікті шешіп, жейденің түймелерін ағытыңыз. Сондай-ақ, бірнеше минут ішінде сіз тыныс алуыңызға реттеп, мұрныңызбен баяу терең дем алып, содан кейін аузыңызбен баяу дем шығаруыңыз керек", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, шаншуды тоқтату үшін кез келген ауырсынуды басатын дәрілерді ішуге болады, дейді дәрігер. Мүмкіндігінше қысым мен импульсті тексеріңіз.

"Егер сізде жоғары, әдеттен тыс төмен қан қысымы немесе жүрек соғу жиілігі болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрі-дәрмектерді өздігінен қабылдау қауіпті болуы мүмкін", - деп ескертеді кардиолог.

Дәрігердің айтуынша жүрек қалай ауырғаны да маңызды.

"Жүрек аймағындағы ауырсынудың сипаты симптомды тудырған ауруға байланысты", - дейді Екатерина Миронова.

Сондай-ақ, асқазан мен өңештің ауруы кезінде де жүрек шаншиды.

"Егер жүрек аймағында ауырсыну болса, әсіресе симптомдар сізді үнемі мазалайтын болса, мүмкіндігінше тезірек маманға хабарласып, тексеруден өту керек. Сізге электрокардиография, жүректің ультрадыбыстық зерттеуі, кеуде қуысының рентгенографиясы, қан анализінен өту керек", - дейді Екатерина Миронова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары