"Қазгидромет" РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, 4 ақпанда Атырау облысының оңтүстігі мен батысында көктайғақ күтіледі. 4 ақпанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, батысы мен орталығында көктайғақ сақталады, тұман болады. 4 ақпанда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. 4-6 ақпанда Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ болжанады. Жел батыс бағыттан шығыс бағытқа ауысады, облыстың батысында және шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. 4-6 ақпанда Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. 4 ақпанда Маңғыстау облысының шығысында бұрқасын болады. Өңірдің батысында, шығысы мен орталығында көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. 4 ақпанда Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. 4 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болжанады. 4 ақпанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысын тұман басады. 4 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында тұман күтіледі. Сондай-ақ 4-10 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжанады. Ауа температурасы жоғарылайды. Осыған байланысты қар жылдам еріп, тау беткейлерінен тасқын су ағады, өзен-көлдерде мұз әлсірейді, су деңгейі көтеріледі. Бұл ретте су арнадан асып, тасқын су жайылуы ықтимал.