Жаңалықтар 04.02.2023 сағат 21:30

Шуда 2 балықшы мұз астына түсіп кетті

Олар қауіпсіздік қағидасын сақтамаған.
Шуда 2 балықшы мұз астына түсіп кетті
Фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жамбыл облысында қауіпсіздік қағидасын сақтамаған екі балықшы мұз астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

3 ақпанда күндіз Шу қаласынан 40 шақырым жердегі Тасөткел су қоймасында балық аулау кезінде екі балықшы мұз астына түсіп кетті.

Құтқарушылар бір адамның өлі денесін тез арада алып шықты. Бүгін таңертеңгі сағат 10.00-де құтқарушылар екінші адамның өлі денесін судан алып шықты. Облыстың барлық ауданында су айдындарында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар