Жаңалықтар 05.02.2023 сағат 10:00

Данияр Шамшаев әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Данияр жарыс барысында бразилиялық Майкл Марселино мен француз Даниил Зубконы жеңді.
Данияр Шамшаев әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық Данияр Шамшаев Франция астанасы Парижде дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Д.Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде канадалық Артур Маргелидоннан айласын асырды.

Данияр жарыс барысында бразилиялық Майкл Марселино мен француз Даниил Зубконы жеңді. Дегенмен атақты грузиялық Лаша Шавдатуашвилиге жол берді. Жұбаныш кездесуінде тағы бір франциялық Джоан-Бенджамин Габаны қапы қалдырды.

Бұл – өткен жылы Азия чемпионы атанған Даниярдың Grand Slam додасындағы алғашқы жүлдесі.

Осылайша, Парижде жарыстың алғашқы күні Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдошы Әбиба Әбужақынованың Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар