Елдің солтүстік аумағының басым бөлігінде қар жауып, оңтүстікте жел күшеюі мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.
Республиканың басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болып, құбылмалы ауа райы сақталады.
Сондықтан республиканың солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді, көктайғақ, тұман түседі.
Астанада күндіз -11 -13 градус, түнде -18 -20 градус аяз болады, қар жауып, бұрқасындатады деп болжанып отыр.
Алматыда ауа температурасы түнде -3 -5 градус шамасында болады, қар мен жаңбыр жауып, тұман және көктайғақ күтілуде. Күндіз термометр бағаны +3 +5 градус жылыны көрсетіп, жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Тек таңертең тұман түсуі ықтимал.
Шымкентте түнде -2 -4 градус аяз, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Ал күндіз +8 +10 градус жылы болады.