Үйлену тойындағы жас жұбайлардың биі Instagram желісінде жарияланды. Онда жігіт 2005 жылғы, ал қыз 2008 жылғы екені жазылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Желі қолданушылары видеоның астына таңданысы мен наразылығын жазып кеткен.
«Әлі ерте емес пе? Күйіктен ішіп кететін болдық қой. Бұл – қылмыстық іс», «Түрлеріне қарасаң, өздері шок боп тұрған сияқты ғой. Жеке куәліктері бар ма өзі? Заң бойынша 2008 жылғы қыз тұрмысқа шыға алмайды. Тек себепті жағдайлар болса ғана, қыз көтеріп немесе босанған жағдайда ғана 16 жастан рұқсат етіледі», «Бір-бірін жақсы көреді екен, үйлене берсін, сіздерге кедергі болып жатыр ма? Бастысы бақытты болсын. Оны салып керек емес, коментті негативке толтырып, өздернің өмірі өздері біледі», деп жазды желі қолданушылары.