06.02.2023, 16:20

Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

Фото: inform.kz
Зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.