Жаңалықтар 06.02.2023 сағат 17:20

Qazaq Air ұшағы 37 жолаушымен апатты жағдайда Атырауға қонған

Экипаж алғашқы көмек көрсеткеннен кейін жақын маңдағы әуежайға қону керек деп шешім қабылдаған.
Qazaq Air ұшағы 37 жолаушымен апатты жағдайда Атырауға қонған
Фото: www.flyqazaq.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Qazaq Air әуекомпаниясының ұшағы Атырауға апатты жағдайда қонған деп хабарлады turkystan.kz.

Ұшақ Ақтөбеден Бакуге қарай бет алған. Атырауға қону туралы жоспар мүлде болмаған.

«37 жолаушысымен ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен сағат 19:21-де қонды. Аяқастынан ұшақтың қонуына іштегі жолаушының бірінен қан кету себеп болған. Экипаж алғашқы көмек көрсеткеннен кейін жақын маңдағы әуежайға қону керек деп шешім қабылдаған. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем қызметі келіп алып кеткен», – делінген әуекомпания хабарламасында.

Дәл қазір жолаушының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар