06.02.2023, 18:20

Жеңілдетілген автонесие: бағдарлама іске қосылмай тұрып тіркелгендер бар ма

Фото: Azattyq Ruhy
Өтініш беруші таңғы сағат 07:00-де тіркелгенін айтқан.

Өнеркәсіпті дамыту қорында бағдарлама іске қосылғанға дейін  жеңілдетілген автонесиеге тіркелу туралы ақпаратты  түсіндірді, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Брифингте журналистер сұрақ "Желіде бағдарлама таңғы сағат 10-да басталғанымен, таңертеңгі 07:00-де  өтініш берген  Мақсаттың скрині тарағанын айтты. 

Қор өкілдері мұны жоққа шығарды.

"Мақсат өтінім беріп үлгергенін  біз  растаймыз, бірақ сағат 7.00-де емес. Ол немесе басқа біреу бұл өтінімді қандай тәсілмен өңдегенін білмеймін. Өтініш сағат 10. 36 миль секундта берілді, бірақ таңғы 7-де емес. Бізде скрин мен дәлел бар",-деді ӨДҚ IT-департаментінің басшысы Сәкен Сәбиев.

Бұған дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров жеңілдікті автокредит беруге мақұлданған өтінімдерді сату туралы хабарландырулардың пайда болуына түсініктеме берген болатын.