07.02.2023, 03:01

Түркияда жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін Жалпыұлттық аза тұту жарияланды

фото: aa.com.tr
Түркияда болған жер сілкінісінен 1651 адамның қаза тапқаны ресми түрде расталды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен мыңдаған адамның қаза табуына байланысты ұлттық аза тұту туралы жариялады. Ол 12 ақпанға дейін жалғасады.

«Елімізде болған жер сілкіністеріне байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Біздің жалауларымыз 12 ақпанда күн батқанға дейін мемлекеттің барлық аумағында және шетелдік өкілдіктерде түсіріледі», - делінген құжатта.

Түркияда болған жер сілкінісінен 1651 адамның қаза тапқаны ресми түрде расталды. Тағы 11,1 мың азамат зардап шекті. Сонымен қатар, 3471 ғимарат қираған.

Сейсмологтар Сирия шекарасына жақын орналасқан Түркияның Газиантеп қаласының маңында 7,7 баллдық жер сілкінісін 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 04:17-де (Мәскеумен сәйкес келеді) 17,9 км тереңдікте тіркеді. Төтенше қызметтер жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

Кейінірек, Мәскеу уақытымен сағат 13:30 шамасында Түркияның орталық бөлігінде 7,7 баллдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері Диярбакыр, Шанлыурф, Анкара және Аданада сезілді.