07.02.2023, 07:01

Ел аумағында 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

фото: egemen.kz
Министрлік мәлімдеме жасады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалқ станциялар желісі 6 ақпан Алматы уақытымен сағат 19:02-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 628 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11,7. MPV магнитудасы – 5,4. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ.