07.02.2023, 09:20

Елімізде коронавирустан бір адам қайтыс болды

Фото: newtimes.kz
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 7 адамның жағдайы ауыр.

Қазақстанда коронавирусан бір өлім жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Кейінгі тәулікте дәрігерлер COVID-19 инфекциясын жұқтырған 51 адамды анықтады. Тағы жетеуі пневмониямен ауруханаға жүгінген.

Сондай-ақ, 6 қаңтарда ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен пневмониясы бар бір науқас қайтыс болды.

7 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 520 адам коронавирус инфекциясынан (–1 372+ және 148 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 399 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 7 адамның жағдайы ауыр.