07.02.2023, 10:20

Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алдын ала мәлімет бойынша борт Газиантеп қаласына барады.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Алдын ала мәлімет бойынша борт Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жабдықталған.