Асхат Аймағамбетов Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Асхат Аймағамбетов бүгіннен бастап Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқитын болады.
"Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын", - деді Асхат Аймағамбетов.