Түркияның Адыяман провинциясында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Сілкініс эпицентрі Гөлбашы ауданында болған, ошақ 8,13 км тереңдікте жатқан.
«Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адыяман провинциясында 5,3 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы сейсенбі, 7 ақпанда Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Түркия басқармасы (AFAD) хабарлады. Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша таңғы 06.13-те тіркелді», - деп жазылған Анадолы сайтында.