07.02.2023, 14:40

Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржыландыру бола ма? Жамаубаев жауап берді

Фото: tengrinews.kz
Автонесиелендіруден де басқа өте әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар бар.

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан жеңілдетілген автонесие бойынша қосымша қаржыландыру бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер мемлекет жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінетін қаржы көлемін арттыра ма деген сауал қойды.

"Әзірге қосымша өтініштер түскен жоқ, бірақ сонымен бірге автонесиелендіруден де басқа өте әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар бар", - деп жауап берді Жамаубаев.