$ 494.87  520.65  4.91

Түркияның зілзала болған аумағынан Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстары жүргізілуде

Елшілік Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар тізімін жасауда.
Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Түркияның оңтүстік-шығысындағы алапат жер сілкінісінен кейін Газиатеп қаласынан Қазақстан азаматтарын елге алып кету шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркиядағы Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанға қайтамын деген ҚР азаматтары 7 ақпан сағат 12:00 Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процодурадан өтіп дайын болуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар тізімін жасау үшін +90 538 8807041, +90 3124919100 телефон нөмерлеріне хабарласуы керек», - делінген Елшілік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары