7 ақпан күні сағат 01:31 шамасында Қызылорда қаласының полиция бөліміне түнгі клубтардың бірінде төбелес орын алып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.
Белгілі болғандай, сырттан келген азаматтар жәбірленушімен сөзге келіп, кейін жанжал төбелеске ұласып, соның салдарынан күдікті азаматтар атыс қаруды пайдаланып, дене жарақатын салған. Оқиға орнынан айғақты заттар алынды.
Бір адам аураханаға жатқызылды, оның денсаулығы тұрақты. Қазіргі таңда осы қылмысты жасады деген күдікті тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен "Бұзақылы" сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Дереккөз: nege.kz