07.02.2023, 22:30

Жамбыл облысында әділет кеңесшісі пара алу кезінде ұсталды

Фото: Ulysmedia.kz
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысында әділет кеңесшісі пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің бесінші басқармасы ҚР Бас прокуратурасы ІТД-мен бірлесіп, өтелмеген жазасының бөлігі бойынша сотталған адамды босатуға қатысты оң шешім шығаруы үшін 3 млн теңге ақшалай пара алу кезінде мемлекеттік айыптаушылар бөлімінің аға прокуроры, әділет кеңесшісі Жақыпов Ғалымжанды ұстады.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.