$ 449.58  486.94  4.86

Министрлік: «Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын»

Түркияның жоғары оқу орындарында 8 мыңнан астам қазақстандық оқиды.
Фото: CC0 / vidhyarthidarpan.
Фото: CC0 / vidhyarthidarpan.

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркияда оқып жатқан ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Түркиядағы елшілігінің ақпараты бойынша 8000-нан астам ҚР азаматы Түркияның жоғары оқу орындарында оқиды, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының 11 стипендиаты және академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының 190 студенті бар», - делінген министрлік хабарламасында.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу елінде төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қарулы, әскери қақтығыстар жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстыру оқу жылы бойында жүзеге асырылатынын хабарлайды.

«Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары оқу орындары ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары