08.02.2023, 18:00

Маңғыстауда көктайғақ салдарынан бірнеше облыстық жол жабылды

Фото: newtimes.kz
Қазгидрометтің хабарлауынша, өңірде қатты боран соғып, көктайғақ болады.

Маңғыстауда көктайғақ салдарынан бірнеше жол уақытша жабылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтау-Форт-Шевченко», «Ақтау-Қаламқас», «Қияқты-Тұщықұдық» облыстық маңыздағы тас жолдар жабылды» делінген баспасөз мәліметінде.

Қазгидрометтің хабарлауынша, өңірде қатты боран соғып, көктайғақ болады.