$ 446.49  475.38  4.79

Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалған Қазақстан азаматы үйінді астынан табылды

Олардың мәліметі бойынша, отандасымыздың қолы сынған. Қазір оны ауруханаға апара жатыр.
Фото: t.me/rescuekz
Фото: t.me/rescuekz

Алмат Құрмашев есімді азамат Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен төрт қазақстандықтың бірі Сабина Мамадиярова табылғанын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

"Сабина тірі!!! Тек қолы сынған. Ауруханаға апара жатыр", - деп жазды ол.

"Соңғы ақпаратқа сәйкес, үйінді астында қалған Сабина Мамадиярова тірі. Ол құтқарушылармен сөйлесіп жатыр. Демек қалғандары жақын жерде деген сөз", - деп "Антакиядағы азаматтарымызды іздейміз" тобы да ақпарат таратты.

Бұған дейін Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи 6 ақпаннан бері төрт қазақстандықпен байланыс үзілгенін хабарлады.

Алмат Құрмашев жер сілкінісінен кейін жоғалған бауыры Мирболатты іздеп Хатайға ұшып барған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары