09.02.2023, 13:00

Шымкентте төрт педофилге химиялық кастрация жасалды

Фото: zakon.kz
Сот төрағасының айтуынша, барлық істе де зорлық көрсеткендер өз құрбандарымен интернет арқылы танысқан.

Шымкентте 2022 жылы 20 педофилге қатысты үкім шығарылған. Олардың 4-і химиялық кастрация процедурасынан өткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап. 

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Абсаттар Шахидиновтың айтуынша, химиялық кастрация – қосымша шара. 

"Әдетте химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды зорлық немесе зорлауға қатысты істерде тағайындалады. Қателеспесем, бізде 4 рет кастрация жасалды", – деді ол. 

Сот төрағасының айтуынша, барлық істе де зорлық көрсеткендер өз құрбандарымен интернет арқылы танысқан.