$ 494.87  520.65  4.91

Астанада автокөлік тонауға машықтанған қос шымкенттік қолға түсті

Елордалық полицейлер автокөлік салонын тонауға машықтанғандарды ізін суытпай қолға түсірді, деп хабарлайды skifnews.kz.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары қаладағы сауда орталықтарының бірінің мағында жүрген екі күдікті азаматты байқаған.

Нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері автомобиль салонын тонаған 29 және 30 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының азаматтарын ұстады. Белгілі болғанындай, қаскүнемдер автодабылды бұзу арқылы көліктегі ақша мен көлік иесінің жеке заттарын қолды қылғылары келген.

Қазір ұсталған азаматтар Астана қаласы ІІД уақытша ұстау орталығына жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Олардың басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары