$ 443.44  480.51  4.88

Түркия мен Сириядағы жер сілкіністерінен келген шығын көлемі белгілі болды

Шығын көлемі шамамен 4 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Түркия мен Сириядағы жер сілкіністерінен болған шығынға болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жағдай ауыр кезде шығынды бағалау қиын. Бірақ шығын шамамен 2 миллиард доллардан асуы мүмкін және 4 миллиард долларға немесе одан да көпке жетуі мүмкін. Зардап шеккен аймақтардағы сақтандыру бағасының төмен болуына байланысты сақтандырылған шығындар әлдеқайда аз, шамамен 1 миллиард долларды құрайды деген болжам бар", – делінген хабарламада.

Сақтандыру шығындарының басым бөлігі қайта сақтандыру есебінен жабылады, бірақ аударылған сома жаһандық қайта сақтандыру нарығы жағдайында мардымсыз болуы мүмкін және қайта сақтандырушылардың рейтингтеріне әсер етпейді, дейді сарапшылар.

"Түркияда жер сілкінісінен сақтандыру техникалық тұрғыдан міндетті болып табылады. Бірақ іс жүзінде қолданылмайды. Сәйкесінше көптеген тұрғын үйлер сақтандырылмаған, әсіресе жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы ғимараттардың сақтандыруы жоқ", – делінген хабарламада.

Сирияның зардап шеккен аудандарында сақтандыру құны төмен екені айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары