Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирді сәтті бастады.
Жарысты екінші айналымнан бастаған Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездескен болатын. 1 сағат 10 минутқа созылған матчта Елена 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл кездесу отандық теннисшіге айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Ширек финалда Рыбакина Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия) мен Юлия Путинцева жұбының жеңімпазымен кездеседі. Абу-Даби турнирінің жалпы жүлде қоры - 780 637 АҚШ доллары.
Турнирдің қазіргі жеңімпазы - белоруссиялық Арина Соболенко. Елена Рыбакина 2022 жылғы "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы, 2023 жылы Австралия ашық чемпионатының финалисті. WTA рейтингінде Рыбакина 10-орында тұр.
nur.kz