10.02.2023, 11:00

Түркияда уақытша мәйітханалар жасақталды

Фото: euronews
Екі елде зілзаладан қаза тапқандар саны 20 мыңнан асты.

Жер сілкінісі құрбандарының саны 20 мыңнан асты, оның 17 мыңы Түркияда тіркелді. Зардап шеккен аудандарда уақытша мәйітханалар жасақталып жатыр. Онда үйінділерден алынған жүздеген мәйіт бар. Оларды анықтау керек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәйітханаларды Антакьяда уақытша кешенді аурухананың ауласында орналастырды. Ол үшін тоңазытқыш жүк көліктері қажет болды.

Түрік ТЖ басқармасы (AFAD) барлық мәйіттен ДНҚ үлгілері мен саусақ іздері алынатынын, содан кейін мәйіттер мүмкіндігінше жылдам жер қойнына тапсырылатынын айтты.