$ 481.84  531.33  5.07

«Болашаққа» бөлінген миллиардтар: Бас прокуратура тексеріс жүргізеді

Бюджет қаражатын бұлайша жұмсауға болмайды!
Коллаж: ulysmedia.kz.
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжілістен тарап кеткен депутаттар бұған дейін Бас прокуратура мен Антикор басшысына депутаттық сауал жолдап, «Болашақ» бағдарламасына қаражаттың негізді түрде жұмсалуын тексеруді талап еткен. Бас прокуратура ХБО-ға тексеру басталатынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ақ жол депутаттарының айтуынша, бағдарламаға жұмсалып жатқан миллиардтаған қаражаттың негізділігін тексеру керек.

«Бағдарлама бойынша жылдық оқу құны 30 млн теңгеге дейін барады. «Болашақтықтардың» ақпараты: мәселен, Лестер университетінде докторантураға оқу құны 100 мың доллар болса, «Болашақ» бойынша 270 мың доллар. Әр стипендиат үшін үшінші тұлғалар агенттік комиссия ретінде соманың 30% алады деген сыңайда жемқорлық схемалар туралы сигналдар түсіп жатыр. Бұл туралы стипендиаттар арқылы британ университеттерінің өкілдері хабарлайды», - дейді депутаттар.

Мәселе көтергендердің сөзінше, Халықаралық бағдарламалар орталығында басқа да заңбұзушылықтар бар. Мәселен, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары «Болашақтың» банк депозиттерінен 3 млрд теңгені жоғалтқанын жазған. Ал 2018 жылы орталық Астана банкінің салдарынан 2018 жылы 7% жоғалтқан.  

«2019 жылы БАҚ қаражаттың біліксіз жұмсалуын, оның ішінде төлемдерге бірыңғай әдістің болмауы, өкілдіктердің қаражатты көп жұмсайтынына қарамастан жұмыс нәтижелілігінің төмендігін, стипендиаттардың екі жерде тіркелуін жазған. Бюджет қаражатын бұлайша жұмсауға болмайды! Тэтчер кезінде мемлекеттің ешқандай қаражаты жоқ, тек салық төлеушілердің қаражаты бар демеп пе еді?» - деген депутаттар осы жайттарды тексеруді сұраған еді.

Бас прокуратура «Болашақ» бағдарламасын іске асыру кезінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (ХБО) қызметкерлерінің қаражатты мақсаттан тыс пайдалануы мəселесі бойынша тексеру жүргізу жөнінде сауалға былайша жауап берді.

«Бүгін де баяндалған дəлелдерді қараудың объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты талдау жəне жинау жүргізілуде. Осы жұмыс аяқталғаннан кейін ХБО-да тексеруді бастаймыз, нəтижелері туралы қосымша хабарлаймыз», - дейді Бас прокуратура.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары